Posted in

ҚАЛТАСЫ ЖҰҚА

Жеткілікті қаражаты жоқ адам. ~ Қалтасы жұқа адамдардың дауына кіргісі келмейтін Құзғынбаев, «үйде жоқ деп айтыңыз» деген сөзді Антонина Евгеньевнаның құлағына сіңірген. С.Мұқ.* Дәнештің есіне студенттік күндер оралды. Осы Жұмаштың да талай қызықтары бар еді – ау. Оқып жүргенде екеуінің де қалтасы жұқа болды. Қ.Жұм. * Бұл көкеңнің көкейіне жегі құрт түсті. Қалтасы жұқа болса да тәуекел еткісі келді. Д.Досж.