Иемденіп алды, пайдаланып кетті. ~ Нұртазалардың тарапынан болған ұрлық екенін бар кеспімен, бұлтартпас дәлелдермен тегіс ұғындырған соң, бір бума ақшаны қалтасына басқан Радзилевич көп ақыл-кеңес бере отырып, ояз атына шағым жаздырған. С.Жүн. ~ Көзі қызарып кеткен бұл жігіт бар ақшаны қалтасына басып тайып тұрды. А.Әлт.
- Қалтасына салып алды. ~ Келесі көктемде алақандай қатырма қағазды қалтасына басып ауылға оралды. Ә.Кек. ~ Ертесіне, ертесіне емес–ау, үш күн өте тиесілі жалақысын алып, қалтасына басып Бәйтерек басына көтерілді. Д.Дос.
