Әлдебір ортақ іске жұмылған, саны көп топ. * Асықпай аяңдайтын ұзын тізбек көш екен. Ал қасындағы ірметілген қалың дүрмек түйеге сүйреткен шөп машиналары мен тырмалары боп шықты. Ә.Кек. * Құлтай да қалың дүрмекке ілесе берген, кенет әлгі отау жақтан шыққан жастардың арасынан жылыстап бермен бұрылған бір жігітті көрді де, аңырап тұрып қалды. С.Ас. * Өзара күңкілдескен қалың дүрмек жалт-жұлт еткен мәрмәр сатыларды «Иә, біссіміллә» деп еппен басып, жоғары көтеріле бастады. Ә.Кек. ~ Бүгін көңіліне қобалжу енді ме, бұрынғы қатты тұтынатын дағдысы есінен шығып «шу» дегенде, қалың дүрмектің арасына түсіп кетті. Ә.Нұрп.
