Posted in

ҚАЛЫҢ ЕЛ

Бұқара, көпшілік халық. ~ Мен сені келер жазда Арқаға – туған жеріме апарам. Атығай-Қарауылдың қалың елін көрсетем. З.Қаб. * Шаң қауып, бетімді басып жөтеліп жатырмын. Көзімді ашсам… бәлі, мына қызықты қараңыз! Жазықтың үсті қалың ел, мыңғырған мал. Ә.Асқ. * – Жоқ… жоқ… мен басқа нәрсе айтайын дегем… – әйел баласын құшақтап жаныма келді… Қаптаған қалың елдің ішінде қайыршымен сөйлесуді өзіме сөлекет көрсем де тыңдауға ниет таныттым. Қ.Мүбк.