Posted in

ҚАЛЫҢ ҚАЗАҚ

Бүкіл қазақ елі; бұқара халық, көпшілік. * Ашық пікіріңізге рақмет, ағай… Бірақ біздің газет аудан төңірегінде ғана тарайтынын ескергейсіз. Оның даусы қалың қазаққа, әсіресе сіздің әріптестеріңізге жетеді дегенге күмәнім бар. Ә.Асқ. * Бойына дарқан кеңдік қана емес, мәртебелі ұлылық пен салтанат ұялатқан Хан Алтай! Аруақты Алтай, Киелі Алтай! Исі түркінің Ата жұрты, қалың қазақтың Қасиетті мекені. Қарап тұрып ет жүрегің елжірейді, көмейіңе лықсып өксік тіреледі. Ә.Асқ.