Толассыз, шелектей жауған жауын. ~ Түп-түгел қара жерге жасыл жібек кілем төсегендей. Көк ала көлшүмекте жап-жасыл. Оның айнадай суында зеңгер аспанның суреті көрінеді. Алдыңғы күн қалың нөсер жаңбыр кұйып өткен еді. С.Сей. ~ Біз келер-келместе қалың нөсер басталған. Арты созылмалы, сілбір жауынға айналды. М.Мағ. ~ Тамыз айының осы көрінісін тұтастай елестетіп байқасам, нағашы атамның еткен жазда қалың нөсер бұрқақтатып төніп келіп қалғанда киіз үйдің түндігін жауып, қазықтарын бекітіп, арқанын байлап күйбеңдеген, тіршілігіне тым-тым ұқсайды, тәрізі. М.Қаб.
