Posted in

ҚАМ КӨҢІЛ (КӨҢІЛДІ)

Қайғылы, мұңды, қапалы адам туралы. * Жан жарасын жазу қиын. Жүрекке қол жетпейді, тіл жетеді. Қам көңілге демеу — біреуге біреудің шырайы, ықылас-пейілі, жылы сөзі… Н.Сер. * Өзім де сол ойдамын. Денсаулығыңа абай бол, Витя…- деп, сөзін кәрі педагогтың әдетімен кітабилау бастаған Юлаевна аяғын кәдімгі қам көңіл кемпірдей босаң аяқтады. М.Қаб. * Қайғырса, қам көңілі қыстан жаман, Қуанса, лебі оттай алаулаған. Көңілімнің сүйетіпі жалғыз-ақ жан, Кедір-бұдыр кейпі оның ыстық маған. М.Мақ. * Босап кеткен қам көңіл тез басылмады. Т.Ахт. * Қам көңілін көтеріп қайран елдің, Сауық құрған төсінде сайран белдің. Р.Нияз. * … жас серігін өзінен біржолата түңілдіргісі келмей, өлеңді көңілдене тақпақтаған болады. Бірақ қам көңілді, қасіретті сөз өзінің басына байланған қара жалауды анандайдан аңғартпай ма… І.Ес.