Posted in

ҚАМ ҚЫЛДЫ (ІСТЕДІ)

Әрекет етті. * Дәмеш. Ол күнді қоя тұрыңыз. Егер олай болатын болса, сол күнде-ақ қам қылармыз. М.Әу. * Мұны есіткен соң қатын- бала, туысқандары зар жылап: «Ұйқысыздық дерті Син-Лу-Жи байды ақылынан адастырды», — деп, оны емдетуге қам қылысты. Шәк. * Бұл уақытта қырғыздар Қарақолды алуға қам қылды. Қарақолда орыс күші аздық қылды. Б.Қыд. * Аудан айтты — ауыл үшін заң. Колхоз басшылары мен бізді оқытатын мұғаліміміз абыр-сабыр қам істей бастайды. Қазіргідей емес, артельдің сіңіріне сүрінген кезі. Б.Соқп.