Елі үшін жанын берген хас батырдың сипаты ретінде.
~ Мұның өзі серім ғой, Қамал бұзған ерім ғой. Тіленші би, нең кетті, Еркелеткен өзім ғой. “Жәнібек батыр”. ~ Қазақ бақсыларының «ойыны» көбінесе бақсылық өлең-сарын ретінде айтылады. Олар өздерінің «жынын» кейде жеңсіз берен киінген, лашын құстай түйілген» деп, қалың жауға қарсы шауып, қамал бұзған батыр бейнесінде … келтіреді. С.Мұқ. ~ Ақылдан ада адам арындауық болады ғой. Қамал бұзған батырлардың, қара тасқа тіл бітірген желғабыз шешендердің ақыл-кеңесіне құлақ аспапты есер хан. М.Әбд.
