Тым қысқа, өтпелі, ә дегенше өте шығатын шолақ ғұмырдың баянсыздығы туралы. * Қамшының сабындай ғұмырда бәзбір пендеге көрсеткен қиямет-қайымың, жөргек иісі танауыңды тұщытқан ұрпағыңның жатырына тартып жатсырап кеткені – бәрі-бәрі еселеніп келіп жаныңды шабақтап, бастағы құс көпшік, үстіндегі мамық көрпемен алыстырар. Қ.От. * Өзегін дерт кеулеген кәрі ағаштай, күндердің күні, ол да опырылып түсіп, қамшының сабындай опасыз пәниден бетін бұрды… Т.Шап. * Хан да, қара да бір. Бәрі де пенде. Қамшының сабындай қысқа ғұмыр қашанда озады. Балалық шағымыз бірге өткені рас па? – деп нығызданды Көпжасар. Т.Рыск. * Мына бір ән не айтады? Осынау өмірдің баянсыздығын, қамшының сабындай қысқалығын арман етеді. Қ.Жұм. * Не керек, Күн ұясына қонуға қамшы сабындай қалғанда су жұлып кеткен көпірге де жеттім-ау. Ш.Мұр. ~ Темкең көп қажамады. Қамшы сабындай қысқа үкім айтылды. М.Қаб. ~ Өмірі қамшы сабындай қысқа сәбиді ме, елінен айырылып, шыған шалғайда қалған, әлі тағдыры не болары белгісіз оз балаларын ба, әлде … өзін аяй ма? М.Кәрім. ~ Айтып-айтпа, Алшағырдың күні бұған қарағанда көш ілгері… Қамшы сабындай қысқа өмірде бір рет қателесіп тиісті жазаңды аласың. М.Қаб. ~ Жаз түні қамшы сабындай келте емес пе, әні-міне дегенше таңның хабаршысы – бозторғай шыр етті. А.Сей. ~ Шөке қамшының сабындай қысқа өмірін еліне арнаған ерлігін шынымен абырой сезіп, талай дабыралы жиынның төрінде отырып, не бір қасқа мен жайсаңдардың тізесін басып сөйлесіп, табақтас болып өмірін өткізе берді. Б.Жұмаб.
