Осып өтті, ауыр тиді, жарақат салды. ~ Қасқырдың сөзі қамшыдай тиіп, Арыстан арс етіп орнынан атып тұрды да: — Ер соңымнан! — деді. Өзі шауып отырып Үкіге келді. Ә.Жүсіп. ~ Қыздың бұл сөзі Жанастың намысына қамшыдай тиді. — Не дейсің? — Жоғал деймін, — деді Зина да алған бетінен қайтпай. Ә.Әб. ~ Бүгін таң атқалы баланы бетімен жіберіп алғандарын іштей мойындап, мойып, момақансып отырған шал мен кемпірге келінінің мына оспағы қамшыдай тиді ме екен, алдымен енесі көтерілді… Қ.Бая.
