Posted in

ҚАМШЫНЫҢ АСТЫНА АЛДЫ

Аямай ұрып-соқты. * Неге тоқтадың деп, тұрмын ғой мен саған. Қамшының астына алайын ба осы! ─ дедім өктемірек дауыспен. С.Шай. * Сол кезде сап етіп Қаһар Жүсіптің өзі жетіп келеді де, бала демейді, шаға демейді, қамшының астына алады. С.Шай. * А, атаңа нәлет контра! – деп, қамшының астына алды кетті, алды кетті… Ш.Мұрт. ~ Ой, қуып жіберіңдерші өзін! – десіп қалады. Едіреңдеген бір милиционер Көкаланың қасына шауып барып: – Топтан шық, кет! – деп, әй жоқ, шәй жоқ, Көкаланы қамшының астына алады. Ә.Тар.