Posted in

ҚАМЫТ АЯҚ

Аяғы қисық, талтаң аяқ. ~ Тұра тұр, қамыт аяқ ит! Сен әлі-ақ жалынарсың, сасық неме. Сен әлі білмей жүр екенсің Абакирдің кім екенін! Ш.Айт. ~ Бауырсақ мұрын, қамыт аяқ Базарбай: «Қуан аға екеуіңіз шақырып келтіре алмайтын, имандай ұйитын адамымсыңдар. Жә, райымнан қайтайын»,— деп ет- жеңді ірі денесі іркілдей, маңғаз кергісе де ілкіде көнген. М.Сүн. ~ Бетiм-ау, қамыт аяқ, қайным-ау, сен не бетiңмен бүгiн ет жейсiң? К.Сег.