Бір-бірін жақсы білетін; ым-жымы бір; сыр мінез, танымал; ығы-жығы араласқан; арам ниеттес. ~ Онда жұмысың не? – деді біреулер, сұрау бергендерді ұнатпай, – бірге өсіп – біте қайнаған, қан-жыны араласқан адамдар, қышыған жерін қалай табудың ретін білер, «барайын» деуі содан болар. С.Мұқ. * Көпшіліктің талғамы дегеніңіз де қан-жыны аралас салыстырмалы бірнәрсе. Қ.Жиен. * Әкесі уряднигі осы өлкенің, Білетін көптен таныс қазақ жерін. Қан-жыны араласқан, Сапарға дос Тасығыш болыстардың шен-шекпенін. Ә.Тәж. * Осы ай ашық болғанмен, суық болады екен, — деді Иван- кочегар қыр қазақтарымен қан- жыны араласып кеткенін, тіпті қазақтарша күнді болжау жасайтынын білдіргісі келгендей. А.Алт. ~ … Алдарыңа түскен малды беталды қатты қуып айдамандар. Өз керектеріңе жарайтын дүние болса, бұйырса, соны ысырап қылма. Қан-жыны араласып кетсе, малда береке болмайды,- деген. М.Әу. ~ Кержақтардың қан-жыны қазақтармен араласып, ел ішіне сіңіп кеткен. Қ.Ысқ.
