Posted in

ҚАН ЖОҚ, СӨЛ ЖОҚ

Өңі солыңқы. ~ Сол еттен, сол нұрлы кескіннен Ұлберген аз күнде айрылып, екі беті солып, қан жоқ, сөл жоқ – сүзектен тұрған кісідей құп-қу, боп-боз болды да қалды. С.Мұқ. ~ Өзі жоқта Ақбөкенді Наурызбайдың алғанын Байтабын естіген тәрізді. Әзер жүріп келеді. Бетінде қан жоқ, сөл жоқ, тістеніп алған. І.Ес. ~ — Иә, өңіңіз аппақ қудай, қан жоқ, сөл жоқ. Черт вазьми, бұрын ұжмақтың қорындай едіңіз ғой! Не болып қалғансыз? М.Дәу. ~ Үйге ашаң жүзінде қан жоқ, сөл жоқ, ұзын бойлы арықтау келген дәйекші Оспан-Қожа кірді. І.Ес.