Үсті-басы, бет-жүзі түгел қан д.м. ~ Анненковтың жендеттері кетті деген хабарды естіп Жаңаберген екеуміз келесі түнде ауылға келсек, ауыл қан-жоса, Жаңабергеннің келіншегін, Тойшыбай дейтін он жасар кіші баламды тірідей жерге көміпті. М.Әбдіх. ~ Осындай кездерде шеп құрған екі жақ шым-шытырық араласып, алда да, артта да, бүйірде де қан жоса соғыс болып жатады. Т.Ахт.
ҚАН ЖОСА БОЛДЫ
Қанға батты, оңбай таяқ жеэді. ~ Осылай Оразбайдың қысырының қымызына желіктірген қолы ит қорлықты көріп, қан жоса боп қаңғып қайтты. М. Əу. * Керісумен бір талай уақыт өтіп кетті. Күн кешке таяп қалды. Ошақбайдың жібермесіне менің көзім әбден жетті. Қап, не істеймін? Осы үшін бұнымен төбелесіп, қан жоса боп жүрем бе? Б.Соқп. ~ Торы да әлеуетті мал екен. Үстінің қан жоса болғанына қарамай тұяғымен шауып, тістеп алысып-ақ жүр. Дегенмен, қара бура еңсеріп бара жатқан секілді. К.Жүн.
ҚАН ЖОСА ҚЫЛДЫ
Аяусыз соққыға жықты, қанға батырды. ~ Бірақ, әзірше «күштінің күні тірмен тартады» ғой, ағылшындар қан жоса қылып, Судан жұртының бұл көтерілісін тағы да сөндірді. А.Байт. * Калхоз мүшесін сабап… Қан жоса қып. Жолдас, бұл сұмдық! Масқара! Коммуниске жат қылық… Ә.Нұрп.
