Сойылған мал немесе қырылған аңның көптігі туралы.
~ Тұра тұр, бәйбіше-е-е, биыл осы қан жайлауды қан сасытпадым бар ғой!..- деп, Бақтыбай тағы да бірді айтып, бірге кете берді. С.Жүн. ~ Бұл жерде ордың ені алты – жеті қадам, әрі терең… Талып жеткен киіктер, асып түсе алар дәрмен жоқ… Ал нар қамыстан жонған істік қанжардан бетер, тиген жерін ойып түсетін еді. Былтыр күз бұл ауылдың үсті қан сасыды. З.Шүк.
- Опат болған, оққа ұшып өлген адам санында есеп жоқ д.м. ~ Бүкіл дала қасапханадай қан сасып, дымқыл тартып бусанып тұрғандай. Ауаның өзіне ажалдың салқыны кіргендей шыңылтырланып бара ма, қалай. Т.Ахт. ~ Құлаған монархияның қан сасыған көне жұртына қызыл тастан шегендеп қайтадан құлдық қамалын салды… Т.Сәу.
