Өрісін кеңейтті; бір жерге, бір ортаға орнықты; кең таралды. * Оның көп шешімдері сонау төрт мұхиттың жағаларына бірдей қанат жайған өзге ұлы мемлекеттердің саясаттарымен қат-қабат келіп түйісіп жатқан. І.Ес. * Соңғы бес жылда Құрыдағы Қытай күші шартарапқа қанат жайып, тез көтерілді. Ж.Айм. * Қалың қамысқа сүңгіген сайын етегі жырым- жырым боп, тынысы тарыла түсті. Кідірген сайын соңында дүрілдеп күшейген өрт қанат жайып, қаптап кеп қалды. С.Смат. * Жаңа заманның рухынан ба, әлде тұрмыстың тоқшылығынан ба, сол бір кездер өлең қанат жайған шақ еді. Т.Әлімқ.
