Posted in

ҚАНДЫ АУЫЗ

Аузына түскен аң-құсты жібермейтін құзғын. Қақпанға,
мылтыққа қатысты да айтылады. * – Соқыр болса, Ербол екеуiң атсын деп күндiз келер едi. Жаясының майы тап бiр елi шықпаса, мұрнымды кесiп берейiн. Сондай арқар алжи ма екен? Одан да, Бәшейдiң қанды аузы жатса да, тұрса да бiр арқар болғанын қимағаннан айтып тұрмын десеңшi! – дедi. М.Әу. * Төңірекке «Қапардың қанды ауызы» атанып кеткен мылтықтың шынболатына өң кіріп, жылтырай қалды. Р.От. * Жеті қазынаның бірі – қанды ауыз қақпан. БАҚ

  1. Елді жеп дәндеген, жебір, парақор, тойымсыз жемқор
    туралы. * Талайға ол сұм салды ауыз. He қылмады қанды
    ауыз?! He қылмады жалмауыз?! He қылмады ол жауыз?! М.Жұм. * … бұл Омарлар ежелден қанды ауыз атанып, арасына жік түспегендіктен маңдайына дақ тимей, қағусыз кеткен:
    әркімнің мұнда ескі кектері бар. С.Тор. 3. Қаскүнем, аяусыз жау. * Мыналар да сондай ұялас, қанды ауыз, дәніккен бөрілер. Алыстан жемін аңдап алып, бас қосқанда анттасып, баталасып, бірін-бірі қайрайды. Жауыздыққа, жаулыққа баталасады. М.Әу.