Бау кеспе ұры, қанды балақ қарақшы. ~ – Ана қанды шелек Жақсыбай сұм анада сен Қарқаралыға бара жатыр дегенді естісімен Семейге көшіп жоғалды. С.Бег. ~ …сонда Сырым батыр: «Қаңғырған» қанды шелек ханыңнан асайын деген екенсің, қара қазақты аяғыңа басайын деген екенсің» – депті. “Қазақ құқығы”. ~ Ауыл
кедейлерінің сезімі ояна бастаған. Тек оларға сөзін қостар, дем берер адам табылса ду ете түсуге дайын. Әсіресе Жақсыбай тәрізді қанды шелек мазасыздана бастады. С.Бег. ~ Үстіндегі қорбиған қасқыр ішігінің жағасын кейін қайырып қойып, еліре сөйледі: − Жетіскен екенсің! Тасыған екенсің! Қанды шелек! C.Ом.
