Posted in

ҚАНДЫ ШЕҢГЕЛ

Озбырлық, зорлық-зомбылық. ~ «Риза-хош болып барып, риза-хош болып қайтып келсін» деп мәймөңкелеткенмен, «бала бермеймін деп қасарыссаң да, шегара асып, жалтарамын десең де қанды шеңгелімнен құтылмайсың» деген күштінің дүмін де жасырып тұрған жоқ еді. К. Сег. ~ Жарлы-жалшының қанаушылардың қанды шеңгелінен азат болғанына орай олардың облыстық тойы болып, тарихы әспеттелген. І.Жан. ~ Самсаған темір қалпақ таяп қалды. Бұлтартпас ажал қанды шеңгелін созып, төніп келе жатқандай. Т.Сәу. ~ Мына мысық мұрт жауыз орыстың
отары аздай, қанды шеңгелін созып, екі жылдың ішінде Батыс Украина, Батыс Белоруссия, Батыс Молдавия, Балтық жағалауын түгелдей басып алды. Т.Сәу.