Олжасыз қайтты. ~ Сонысы ма, немесе өзі Алтынайлығын, жан екендігін, Медеудің анасы екендігін көрсеткісі келді ме, әйтпесе «әлгі» тысқа шығып келгенде, қанжығасының құр қайтқанына көңілі толмады ма, әйел шіркіннің қай бұлтақ-сұлтағы екенін кім біледі, қалайда күйеуіне бір тарс ете түсуді өзінше дұрыс көрді. Ж.Айм. ~ …Он күндей аң, құс атқанда Зәуірбектің қанжығасы құр қайтқан жоқ. Күн сайын өзі аңсаған қырғауыл, үйрек етін қақтап жеді. Б.Тоғ. ~ Балпан бай болыстың әкесі Байсалдың да қанжығасы құр қайтқаны басқа жұртқа басу болатын шығар деп ойлаған. Ә.Кек.
