Керегі жоқ, не пайда д.м. ~ Партия үндеуімен өз ойым үйлесіп жатса, маған басқаша жазудың қанша қажеті бар. Әдетте, мақсат бірлігі – ғаламат күш. Оны түсінбейтіндерді мен де түсінбеймін. С.См. ~ Ну и что?-деді Мәжкең. –Судың су екенін, су болған соң оның сылдырлайтынын дәлелдеу үшін осынша көктерге түсудің қанша қажеті бар?! Қ.Ысқ. ~ Қазірде көкемнің үзеңгі жолдастары мүлде жоқ, көзі тірісінде істемеген жақсылықтың топырақ жамылғанда қандай қажеті бар? Б.Тоғ. ~ Бірақ осы үшін кәпір болмасаң аруақты қозғаудың не қажеті бар еді?.. Қ.Ысқ.
