Posted in

ҚАНЫ ҚАШТЫ

Өңі бұзылды; қобалжыды; бозарып кетті, солғын тартты, сұрланды. ~ Қалмады көздің нұры, көрге айналдым, Қараны – ақ, ақты – қара дерге айналдым. Алмадай пісіп тұрған екі бетім Қуарып, қаны қашып, күлге айналдым. М.Жұм. ~ ~ Мен барғанда сыншы кезекті мақаласын жазып отыр екен. Көзілдірігін алып, көзін уқалады да, қаны қашқан аш өңін маған бұрды. С.Шай. ~ Тегінде, ай алғаш туып, онан толысқан шағына дейін жеткенше көңілді-ақ, ал онан кейін біртіндеп таусылар шағы аянышты. Қаны қашып жадау тартқан адамдай күн санап жұқара береді. С.Мұр. ~ Айшара көзін жұмып, ұқтым дегендей ишарат етті. Қаны қашқан, сұп-суық жүзінен бір сәтке болымсыз күлімсіреген жылылық сәулесі жылт еткендей сезілді. Ж.Сәмит. ~ Ханның ызадан қаны қашып, мойнына құрық түскен асаудай басы кекжең ете қалды. І.Ес.