Ашу шақырып, буырқанды. * Иван Петрович онсызда қаны сыртқа теуіп, сыздап ауырып тұрган ернін жымқыра қысып, басын шайқады. – Жоқ, болмайды! С.Ом.~ Бөлме ортасын ойған биллиард столы, орындықтар қызыл сәуле сіңіріп, қаны сыртқа шауып, бартиып-бартиып тұр. М.Қаб..
- Алабұртты, толқыды. Қызыл шырайланып, алабұртып тұр. * Оның да бүгін ажары солғын, иіні түсіңкі. Қашанда қаны сыртына теуіп, гүл- гүл жайнап жүретін қызыл сары жігіттің өңі қуқыл тартып, сұрланып алыпты. Қ.Жұмад. * Ерлі- зайыптылар біразға дейін қуыршақ ойнағандай кішкентай Олжабайдың тілін қызықтап, өздерінше мәре- сәре болысты. Қаны сыртына тепкен, топ- толық, қара домалақ бала бір ауылдың басынан құс ұшырмас еркесі атанып, жақсы өсіп келеді. Қ.Жұмад. ~ Күңгірт түспен ойға батып, Орындыққа отырған. Жүрек қаны сыртқа атып, Бет аузынан оқылған. С.Торы. ~ Әлі опа-далап жағылып көрмеген, жұқалтаң, қаны сыртына тепкен уыз реңінен балалық табы кетпеген. О.Сәрс. ~ … бұл оның тершіген, қаны сыртына тепкен арсыз беттеріне қарағандарға мынау тамұқ сахнасының үстіне ождан құстанасын білмейтін қылмыстың бейнесі шығып келе жатқандай көрінді. О.Бальз.
