Posted in

ҚАНЫНА ҚАРАЙДЫ

Қатты күйініп, ызаға булықты; ашу қысты; ашуға мінді, айбарланды, кектенді. * …Түнімен іздестіріп, таң атып күн шыққанша сарпалтаңға түскен Шодыр тобы қандарына қарайып, аттары болдырып кейін қайтқан-ды. Б.Тоғ. * Абай сонша қабынып, қанына қарайғандай, отқа түсермендей боп келген екен. М.Әу. ~ . Өлімнен ұят күшті, ұяттан да өлім қауіпті. Қазір қанына қарайып тұрған Қаралар байлап әкетуге құдіреті келеді. І.Жан. * – Сен де кідіре тұр. Қазақтар қанына қарайып жүр, жазым қылар… З.Шүк. … «Содан бері қаны бұзылды, – дейді шыңғыстайлықтар. – Көп әуестеніп, ыза қыла бермеңдер, қанына қарайған неме төбеден бір салып өлтіріп тастайды». О.Бөк. * Күйеуі сілейте соққан сорлы әйел бір сырлас әріптесінің үйіне тығылыпты. Қанына қарайып алған Жақсыбай шаңыраққа кіруден бата алмайды. Б.Мом. ~ Боран үдеп барады. Үйді жел кеулеп кетті. Қанына қарайған Бекбол біресе мына терезеге, біресе ана терезеге барады. Ө.Кәр. ~ Оларды тәубесіне келтіріп
қайт» деген бұйрықты басшылардан алған бойда қанына қарайып, Омбыдан суыт аттанып, Зайсанды бетке алған… К.Сег.~
Қанына қарайған Понтаның жауымды құртсам деген соқыр сезімнен өзге ойы жоқ;… Дж.Лон.