Posted in

ҚАҢЫРЫҒЫ ТҮТЕДІ

Шөл қысып, қатты сусау; аузы кебу. * … қапырық ыстықта қаңырығы түтеп кеп суық қарбыздан қарбыта асап, тамсана отырып шөлін басатын. С.Мұр. * Қара қосын артып, қаңырығы түтеп келе жатқан шөкелерге бейсәуәт тобыр кезіккен жерден жалпылдаса амандасып жай-жапсарларын сұраса кетті. Б.Жұм. * Жолшыбай машина, көлік кездесіп, ала кетіп құтқармаса, бір жерде қаңырығым түтеп, тырайып, арам қатып жатуым әбден мүмкін. Б.Соқп. * — Сен бала, мына түріңмен Көртоғайға қарай жаяу жүрме. Машина кездессе жақсы, ал кездеспесе қайтесің? Бір жерде қаңырығың түтеп, арам өлесің ғой. Б.Соқп. * Қалың жылқым қаңырығы түтеп шөлден өлгенше, сусыны қанып суда өліпті. Ғ.Біл.