Posted in

ҚАПТЫҢ ТҮБІ ҚАҒЫЛДЫ

Таусылды, бітіп қалды. ~ Малдан айырылған, қаптың түбі қағылған ер-азаматтар күзге қарай бала-шағаларын арқалап жан-жаққа шұбыра бастаған. Б.Тоғ. ~ Көшетін күш-көлігі жоқ Шекер сияқты әлсіздер ғана жұртта қалған-ды. Қаптың түбі қағылып, көздері қарая бастағанда, қыс ортасында ақ қарға малтығып жалғыз атпен Сақтаған келді. Б.Тоғ.