Posted in

ҚАРА АСПАНДЫ ТӨНДІРДІ

Алдан еш жақсылық күтпейтіндей, түңіле сөйледі.
~ Шынымды айтсам, саған күйеуге шығуға қорқамын. Жеке өміріміз болмайтын сияқты. – Қара аспанды төндірмеші. Д.Жылқ. ~ – Сiз маған не болып жатқанын емес, не iстеп жатқандарыңызды айтыңыз! – дедi дауысы ызбарланып. – Қара аспанды төндiрiп ойбайлағаннан не пайда ендi? Т.Сәу. ~ … енем мен ұлым да бүгін-ертең Өрелден қайтуы тиіс еді… олар келсе көрші-қолаңды шулатып, шарқ ұрып мені іздейтін болды… – деп қара аспанды төндіріп, күңіреніп кетті. Ә.Асқ. – Сен өйтіп айдың күні аманшылықта қара аспанды төндірмей отыр, – деді шал. О.Сәрс.