Posted in

ҚАРА БАУЫР

Қайырымсыз, без бүйрек. ~ – Беделсіз би, қайырымсыз қара бауырлар өңшең. Сендерге сенем деп, бөксе басты болармын ба? Сүгір – бай, мен – кедеймін. М.Әу. ~ Ақметше мен біз біріміз қыздан, біріміз ұлдан тумадық па! Қаншама қара бауыр болса да, мықты жігіт жібіді»,— деп ойлады Әділбек Х.Ес.

  1. Кедей, тұрмысы нашар, жарлы-жақыбай. ~ Бұлар әрі далаша — бай: аузы дуалы, аталы, жуан ауыл. Ас-сулы малды ауыл. Қара бауыр, қоңсы, құл-құтан, қойшы-қолаңшысы көп болады. Жаз жайлау шығады. І.Жанс. ~ — Байлардікі жөн…Үркісін-ақ… Ал осы өңкей қара бауыр кедейдікі не? Байдың шашбауын ашбаулап… І.Жанс. ~ — Бұ қу кедей қалай оңсын… Өзімізде береке жоқ. Бір- ауыздылық жоқ. Біз бір шілдің боғы. Біз бір қырық құрау, өңкей саяқ… Жеке жайыламыз да отырамыз… Осы қара бауырдың ішінде бір дуалы ауыз жоқ. Бірінің айтқанына бірі көнбейді. Біз бір сиырдың бүйрегі… — деп Сәрсен анда- санда үзілген сөзінің жібін жалғап отырды… І.Жанс.