Posted in

ҚАРА ДАУЫЛ

. Ызғары мол, шаң-топырақты көтере соққан қатты жел.
~ Енді бірде даланы асты-үстіне төңкерген қара дауыл тұрып, іздерді өшіре бастады. Ж.Шәк.

  1. Ашуы мол, қызу қарқынды екпін. ~ Біз соғыс салып кеткен лаңның кесірінен мәйекке жарымай қалған жетім қозылармыз. Оның біздің басымызға үйірген қара дауылы сенің балаңның алдындағы асты да әлі төңкеріп кетер. Н.Сер. ~ Атамның да, өзімнің де жанымды суырған тағдырдың мынау қара дауылынан бұл көзілдірік қорғай алар ма? К.Қаз.