Қарапайым, қара байыр, орта қол; қалай болса солай. ~ — Жұрттың бәрі сен секілді Ақбаяндай ақ маралды қайдан таба береді?! Мұртына қарай — іскегің, сабасына қарай — піспегін. Бізге сондай қара дүрсін де алтын қазына. І.Есен. ~ Елтай ершігімен қоса айналып қараса… о тоба, бөлім бастығы! Қасында екі жігіт. Ауылдан келген бе, қара дүрсін, добал киініпті. М.Қаб. * Олар басқа-көзге қарамай, мәселенің байыбына бармай, жоғарыдан келген нұсқауды саналылықпен өкіліне түсіріп, салмақтап-жобалап алып, нақты жағдайға қарай жүзеге асырмай, қара дүрсін, немкеттілікпен «жаса да жаса, сөйт те сөйт» деумен үстірт, ұр да жық басшылық жасады. Б.Қыд. * Жақсы өлең, ағып тұрған ақындық талант бірден белгілі. Ал мынау болса, қара Дүрсін бірдеңе. Көңілге қона кетер әдеміліктен жұрдай. Ұйқастары шалажансар. Не болса, соған арнап жазылған арзан өлеңдер. Б.Соқ.
