ҚАРА ЖАМБЫ Көнеден қалған, құны жоғары күміс құйма. ~ Даңқы шыққан қыранға қызыққан, не алғысы келген адам оны иесінен қиылып сұрайтын болған. Мұндайда халық салты бойынша, тұғыржабарына – ат, түйе, қары кілем, қара жамбы атап, алдын ала солардың бірін беріп тұрып, «енді қолқаңды сал, сұрағаныңды аласың» деген уәдесін алған. Ж.Баб. ~ Қара нарға қалы кілем жауып, бірнеше атанға саба-саба қымыз артып, жібек қоржынға тоғыз-тоғыздан қара жамбы, жанат ішік бастатқан сиыт салдырып, сойысқа деп үйірлі жылқы айдатып, артынып-тартынып келе жатқан. Ә. Салық.
