Posted in

ҚАРА ЖАМЫЛДЫ

Өлген жақынына аза тұтты. ~ Неге десеңіз, Бәтима жастықта Сұлтанбекпен сүйісіп уәделесуіне қарамастан, тап сол кезде оның қолынан қаза тапқан Мұстафаның қара жамылып отырған жесірі. Қ.Ерг. ~ Кенжеқыз үйінде ме? О да сауында жүр ме? Қара жамылып отыра алады деймісің. М.Сүн. ~ Бүкіл үй-орманың, ауыл-аймағың, туған топырағың, күллі ел қара жамылып қалса қайтер едің?!. Б.Тоғ.