Posted in

ҚАРА ЖЕЛЕК ЖАМЫЛДЫ (САЛДЫ)

Күйеуі қайтыс болған әйелдің басына қаар орамал жамылып, аза тұтуы. ~ Үлкен кештің алдында есік пен төрдей жерде аттарын қатар бастырып бір топ қыз келеді. Тап орталарында ерттеулі күйде бос жетектелген, кекілі күзелген, қара көк ат бар. Сол топтан әнтек кейін үлкен көштің алдын бастап келе жатқан сұп-сұр жүдеу бәйбіше екен. Басына жұқа қара желек жамылыпты. М.Әу. ~ Тап орта тұста басына қара желек жамылған Бөжейдің бәйбішесі аңырап отыр. Көзінен шын жас, зар жасы бірсін-бірсін ағып жатыр. Одан жоғары төрт-бес қыз дауыс айтып отыр. Үйдің іші бұл кезде тұтас аңырап зарлаған мол жылау еді. М.Әу. ~ Бас жағында, үстінде жұмыс киімін шешпеген қалпында, сүйген жары Күнімжан отыр. Түндей қою қара шашы төгіліп, иығын, кеудесін, арқасын жауып кеткен. Басына салған қара желектің бір шеті арқасынан салбырап жерде жатыр. І.Ес.