Өмір-бақи, өле-өлгенше. ~ Не көрсем өзім көрейін, Ергенің сенің жарамас. Қара жерге кіргенше Не көрмейді ғазиз бас. `Қыз Жібек” ~ Өмірді аз жасайсың ба, көп жасайсың ба, маңызы онда емес. Оның мәні – сол өмірді қалай еткіздің, сонда. Мен мың жасасам да бәрібір, өмірім Садықтың жиырма екі жасына татымас деп ойлаймын. Адам өз өмірінде талай жанмен кездеседі. Жақсы мен де, жаманмен де. Бірақ соның ішінде қара жерге кіргенше ұмытылмайтын аяулылары болады. І.Ес. ~ Жақсы кісінің күні ғұмыр бойы ауырдың астымен өтеді. Ал қу, жалтақтар жеңілдің үстімен жүреді. Оларды солайсың деп өлтіріп тастай алмайсың, қайткенмен де аң емес, екі аяқты жан амал жоқ, асырайсың, киіндіресің, ішіндіресің, тоқ етері, қара жерге кіргенше сүйреп өтесің. М.Қаб. ~ Әттең, Тасшоқының кезеңінен аспа йды. Өмірге алғаш келгенде бәріміз бірдейміз, жауыз болып ешкім тумайды. Тұсауын кесе салып, жамандыққа үйрететін адамдардың тағы өзі. Сонсоң жаманжақсы болып екіге бөлінеді: қара жерге кіргенше ырылдасып өтеді. Дүниені бүлдірген осы екеуі – шеті мен шегі жоқ бақилық екеуі. Т.Әбд.
