Жер жыртты, егіншілікпен айналысты. ~ Соқаны түсіріп, қара жердің қыртысын аударып, жыртылуға тиісті қолатты екі-үш айналып тоқтағанымда, аударылып түскен мақпалдай мүнәйім топырақты бәрі таңдана қарап жатты. Б.Қыд. ~ «Қой, өйтпес!» — деп бір үмітке малданып, Төрт өгіз бен қос түренге алданып. Жас келіншек жүрді ащы қайғысын Қара жердің қыртысына аударып. Ө.Нұр. ~ – Бөке- ay, ондай күн туса қара жердің қыртысын айналдырмаймыз ба? – Онда бүйтіп көрінгеннен кеусен сұрап жүрер ме едік? Ж.Жұм.
