Қараңғы түсе бастаған алагеуім уақыт, көмескі, күңгірт кез. ~ Күн батып барады. Үй іші қара көлеңке. Қыс болса, сасық үңгірдің ішінде терезе аталған тесіктерден суық жел азынап кіріп, аш аңдай ұлып тұр. М.Жұмаб. ~ Үшеу-төртеу болып сыбырласа сырласып байлаған бір ниеттерін Отарбай, Қорабай саудагерлерге білдіріп, оларды ертіп бас мешіттің ығында, қара көлеңкеде қарт имамды жаңағы саудагерлер оңашалап алысты. М.Әу. ~ Үй іші қара көлеңке. Абажадай үлкен үйдің есігінен төріне шейін сірескен жүк: оюлап тастаған сандық, тең-тең қылып буып тастаған асыл кілем, бұйымдар. Б.Майл. ~ ІІІамның көзі қысулы. Үйдің іші қара көлеңке. М.Дәу. ~ Бейне бір жер астындағы бүкіл аруақтар көбелекке айналып, сайран салып жүргендей. Кеңсе іші қара көлеңке. О.Бөк. ~ Қара көлеңке бөлменің ішіндегі дөңгелек жозыға қаумалай отырған қыз- келіншектер ұлардай шулап амандасты. О.Бөк.
