Posted in

ҚАРА КӨҢІЛ

Шерлі, мұңды, қапалы көңіл. ~ Жарқ етпес қара көңілім не қылса да, Аспанда ай менен күн шағылса да, Дүниеде, сірə, сендей маған жар жоқ, Саған жар менен артық табылса да. Абай.

2. Ішіне арамдық сақтайтын, ниеті теріс адам туралы. ~ Бұны осыдаң тарткүн бұрын өз үйінде қонақ қып отырып, Дәркембай барлық жайға қандырған болатын. Сонда Абайдың Қарамолаға шақыртумен бара жатқаның айтқан.

– Қырда қара көңіл қазақ жуаны боп, қалада — парашыл төре, ұлық жуаңы болып, бәрі қосылып Абайды қамағалы тұр! Сен осы жрды: қз£ыңа ер. Есебін тауып, Абайға қанат бітір, қайрат бер! Дөл осы күні өзгенің сөзі емес, сен екеуміз дем беруіміз керек. Жалғыз Абайды сүйейтін күніміз жетіп тұр,— деген. М.Әу. ~ Қ а л и. Япырай, ә! Қара тас жібісе де, қара көңіл жібіген бе! Орынбасар. Осы қорлықты арқалап, шынымен-ақ кетеміз бе? Ғ.Мұст. ~ — Жаны таза! — Кімнің? — Әлгі қорықшының, Аппақ дүниенің ортасында қара көңіл жан жүрмесе керек. С.См