Posted in

ҚАРА ҚАҒАЗ

Соғыста мерт болған солдаттың отбасына жіберілетін хат. ~ Майданға кеткендердің көбінен хабар жоқ, кейбіреуінен «қара қағаз» да келе бастады. Б.Тоғ. ~ Бүгін ауылға тағы да қара қағаз келді – Анатайдың әкесі Сатарқұл майданда қаза тауыпты. Ш.Айт. ~ Олардың жылын өткізгенде соғыс басталып кетті. 1941 жылдың тамызында әскерге аттанған Жұмағалидан үш айға жетпей қара қағаз келгенде Фатима 14-ке толған еді. Ш.Мам.