Отбасы берекесінің белгісі саналады. ~ Қалай дегенмен әйел үйдің құт-берекесі десек, оның тұрағы қара қазан халықтың дәстүрлі таным-түсінігінде бір-бірімен астасып тұрған, символикалық жағынан ұқсас. Р.Нүс. ~ Паустовский айтады: “Ана тілін ұмытқан адам — Отанға аса қауіпті!” деп. Мен айтамын: “Сол аса қауіпті адамдардың қаншасы қазаққа тиесілі қара қазанның құлағын ұстап отыр?..” деп. Абай тұсындағы “Қазақтың жауы — қазақ” қазақтың санасынан қашан сылынып тастар екен? И.Сап. ~ Қайда барып тұрақтап қоныс тепті, аспаз ұлдарын тауып жолыға алды ма екен, құдайдың момыны, қой аузынан шөп алмайтын жарықтықтар? Қара шаңырағы басында, қара қазаны асулы ма екен? Ш.Рахм.
