Бала-шағасының күйін күйттеп, жанын салу. ~ Менің айтып тұрғаным сендердің қамың, бәрі қара қазан, сары баланың қамы. Менің тілімді алатын болсаңдар айтатыным сол. Б.Қыд. ~ Есін жиып, аңдап байқаса, алты жігіт қосылып тарта алмайтын сары садағы мен жалғыз қызыл жебе қалыпты, қара қазан, сары баланың қамы үшін бастан құлақ садақа деп садағын сыпыра беріп еді, ат бауырына құлаған жау бет-бетіне жан сауғалап, тым-тырақай қалып барады екен. М.Қаб. ~ Май құйылып отына ошағында тас жанған Қара қазан сары бала қамын ғана күйттеген Халық едік талай жыл, болды ырысым итке жем Тұнығымды шайқады өзімненде зор шығып Қазанымнан құт қашып, ойсырады молшылық. Д.Әбілх. ~ — «Кіреге шапқан — көмусіз қалар, қосты тонағанды — құдай табар!» «Қара қазан, сары баланың қамы үшін жолға шығып едік. Ө.Кәр. ~ Ең алдымен қара басыңды ойла, қара қазан, сары баланың қамын же… Жанымызды сыздатса да, бүгінгі күннің қатаң да қатыгез бір пәлсафасы осы. Ж.Аяз.
