Үй іші, бала-шаға; отбасылық тұрмыс, күн көріс қамы. ~ Көк ала шыбын, көк маса, шіліңгір ыстық, қожайындардың жекіруі, қара қазан, сары бала оның қыр желкесіне таласа міңгесті. Ж.Шәк. ~ Тарихи деректерде ерлердің басына күн туғанда қара шаңыраққа, «қара қазан, сары балаға» ие болып, отынын жағып, түтінін түтетіп, шаңырақтың иесі болып отырған да – аналар. Ж.Баб.
