Алапат, үрейлі құбылыс. ~ Сөйтіп жүргенде отыз жетінің қара дауылы ұйтқыды. Сұрапылдың шет-жағасы мұны да шарпыды. Шет-жағасы емес-ау, тұп-тура қара құйынның өзі шырқ үйіріп шыңыраудың түбіне бір-ақ атқан. Т.Сәу. ~ Оңаша бір аралықта Қазинеш келіп, жеңгесі Кәмиләнің екіқабат екенін сыбырлағанда Боранқұлдың көкірегінде тозаң ұшырып, ұйытқып соққан қара құйын тоқтады. Ғ.Біл.
