Сансыз көп тобыр; қаптаған қалың қол. ~Бүгін түстен бері сол аталған іргелес қапың елдер жайлауына бір үлкен бұлік араласты. Әсіресе, әр ауылдың шетіндегі кедей-кепшіктің баспанасына қадалған ауыртпалық. Бірде-бір бай үйлерге титтей де соққан леп жоқ. Ал қара құрым лашық атаулыға даланың дауылындай түйіліп тұр. Қайда қойшы, сауыншы, күзетші, жылқышы кем-кетік, жоқ-жітік болса, солардың ғана басына арналған апат. М.Әу. ~ Есік алдына біреу келіп қалтиып тұра қалып, ауылдың алдыңғы жағына қарап шұлғыды. — Апырмау, бұл қалай? Тұс-тұсынан қаптап келе жатқан қара құрым адам ғой? — деді ол үрейленіп. Б.Майл. ~ Аттылы-түйелі қара құрым тізбектің қыр соңында алты тұтқын келеді. Ә.Кек. ~ Тойға жиналған қара құрым халықтан риза болмаған бір жан қалған жоқ. А.Сей. ~ … дөң басында қара құрымдай қаптап тұрған халық. Б.Тоғ. ~ Әлдебір жерінен жараланған батырды қаптаған қара құрым жау шерігі қара Ертістің жағасындағы биік жартасқа қамады. Ж.Шәк. ~ Батпақтан ұшып, сұлының аңызына қара құрым боп келіп қонғанда басындағы бөркіңді қағып түсіретін. И.Бун.
