Жалаң сөзбен, сөз ырғағы, ұйқас сақталуын талап етпейтін еркін сөйлеу әдісі. ~ Өзге жырда жырдағы кісілер ғана өлеңдетіп келеді, өзге әңгіменің бәрі қара сөзбен айтылады. Ә.Бөкейх. ~ Өз мағынасымен алғанда, «айтыс» екі кісінің сөйлеуі. Бұлай сөйлесу қазақ тұрмысында қара сөз түрінде де болған. С.Мұқ. ~ … ашуланғанда не ренжігенде қара сөзден гөрі жыр, толғауға көшіп кететін әдетіне салып, өзінен өзі ойға шомыла көңілдегісін бір ауыз өлеңмен айтты… І.Ес. ~ Фольклорлық экспедицияның мақсатын анықтап, ежіктеп алғаннан кейін, ақсақал бірде қара сөзбен, бірде өлеңмен ұзақ толғады. Т.Әс.
