ҚАРА СУҒА СЕМІРДІ (ҚАРЫН БАЙЛАДЫ) Азды қанағат ете білді; барға шүкіршілік етіп, көңілі тоқ жүрді. * Жер түбіне болсын, көз жұмып кете барады. Қайғысыз қара суға семірген жігіт. Бастыққа да, бағыныштыға да желпілдек көрпе, ақ көңіл, аңқылдақ азамат. М.Қабанб. * Қатын-балам қасымда, қара суға семірген қайғысыз қайран күндерім-ай! Т.Сәук. * Ал, тамақ жағын талғамаймыз, бірақ, қара суға қарын байлайтын сіздей бола алмадық, Ауқа. Д.Қуат
