Қарапайым, кедей халық. * Ондай сабынды салтанат ретінде ақсүйектер ғана алады да, қара сүйектер алмайды. С.Мұқ. ~ Оның үстіне қара сүйек қаңғыма емес, ел ұстаған азаматтың әр қадамына аруақ екеш аруақ та тітіркеніп жатпайды дейсіз бе? Ә.Кек. ~ …өзімді жәбірлеген, жәбірлеп жүрген және болашақта бір кезде жәбірлейтіндердің, мейлі олар ақ сүйек пе әлде қара сүйек пе, бай ма әлде кедей ме, мырза ма әлде құл-құтан ба, бәрібір, кім болса ол болғанына қарамастан, бәріне біржола кешірім етем. М.Серв.
