Posted in

ҚАРА ТАБАН ҚҰЛ

Еңбегін сатып күнін көріп жүрген кедей-кепшік. ~ Сенің не білгенің бар? Немене аузыңа келгенінді күйсеп отырғаның… Малға ие жігіт боп… Мал тұрсын, басыңда билік бар ма? Шірік-ау! Сен Көксаудың қара табан құлы емеспісің? Ж.Айм. ~ Жер кетті, жаның кетті, қам жемедің, Құл болдың қара табан енді малсыз. Ортаға қамап алып қырып жатыр Қара жүрек «надандық» қолмен сансыз. М.Жұм. ~ Бетпақтардың, безбүйректердің қара табан құлына айналып кетуден сақтай көр бізді! Бір өзіңнен басқа сенеріміз жоқ!.. Ғ.Қаб. ~ Айтты-айтпады не керек, ғасырға жетпес уақыт ішінде айдыны асқан түрік жұрты алтын басы иіліп, кешегі өзінің қара табан құлына қалай құл болғанын білмей қалды. Т.Сәу.