Posted in

ҚАРА ТОҚПАҚ

Үйреншікті, қара дүрсін д.м. * Мен босағанда тың ойлы бір жас келіп, біз білмейтін жаңалыққа бастар колхозды деп босаған едім. Байқаймын, біздің ауылға келгендердің бәрі де өзімше ойлап, өзімше пішетін баяғы қара тоқпақтар. С.Шайм. * Өз әдісін қара тоқпақ десе де Сәтекең де талайды көрген, «жағымпаздық» ─ дегеннің түтіні қайдан ұшатынын түсінетін адам болатын. С.Шай.